ШАҚШАҚБАЕВ Вадим Шамилұлы (9.10.1971, Петропавл қ.) – спортшы, конькимен сырғанаудан халықар. дәрежедегі спорт шебері. КСРО чемпионы, спринтерлік көпсайыстан жастар арасынла әлемнің 8 дүркін рекордшысы. Азия ойындарының қола (Харбин, 1996), 1995 ж. Әлем кубогінің жүлдегері, Франциядағы (1992), Норвегиядағы (1996), Жапониядағы (Нагано, 1998) қысқы олимпиядалық ойындарға қатысушы. Петропавл пед. ин-тын (дене тәрбиесі ф-ті). Солт. Қазақстан мемл. ун-тін (экономика және өнеркәсіпті басқару ф-ті). ҚР Президенті жанындағы Мемл. қызмет академиясын (1999 – 2000) бітірген. 2000-2003 ж. Солт. Қазақстан обл-нда басшылық қызметтерде болды. 2003 жылдың тамыз айынан ҚР Индустрия және сауда мин-нің Сауда ісі комитетінің төрағасы.