Шақшақбаев Шамиль Тауфикұлы

ШАҚШАҚБАЕВ Шамиль Тауфикұлы (13.5.1948, Со.тг. Қазақстан обл. қазіргі Уәлиханов ауд. Кішкенекөл а.) – ұстаз. Қазақстанда алғашқы қимыл-қозғалыс функциялары бұзылған, сүйеу-қозғалыс аппараттарымен қозғалатын мүгедек балаларды оқытатын экспериментальды мамандандырылған мектепті ұйымдастырушы әрі директоры (1998). 1968-73 ж. Петропавл пед. ин-тының жаратылыстану-география ф-тінде оқыған. 1973 – 75 ж. Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген. 1975 – 80 ж. Киров атынд. з-т ұжымының дене тәрбиесі к-тінің төрағасы болған. Ш. қызмет істеген уақыт ішінде з-ттың “Динамо” стадионы толық жөнделіп, қайтадан қалпына келтірілген. Коньки тебу спорты бойынша спортшылар даярлайтын орталық база құрып, олимпиадалық ойындарға қатысушы екі спортшы В.Шақшақбаев пен В.Кленинді даярлаған. Ш. негізін қалаған мектепте мүгедек балалардың құқығы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы қабытдаған Халықар. конвенцияға сәйкес толық жүзеге асырылған (1989). 2002 ж. АҚШ Мемл. департаментінің шақыртуымен “Меридиан” бағдарламасы бойынша барлық категориялы мүгедекгердің өмір сүру жағдайларымен танысты. Ш-тың мүгедек балалардың құқығын, абыройын сақтау және оқыту жүйесіне жоғары баға берілген. Оның бастамасы мен тәжірибесі Халықар. ғыл.-тәжірибелік конференцияда (2001, Алматы), Респ. семинарда (2003, Петропавл) қолдау тапқан. Ш. туралы биографиялфқ повесть ТМД және алыс шет елдердің газет, журналдарында жалпы таралымы 4 млн. данамен жарияланды. Ш. “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл” мерейтойлық медалімен (2002), “Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері” (2003) төс белгісімен марапатгалған.  Шығ.: Шакшакбаев Ш.Т. Со-циальная адаптация, реабилитация детей-сирот с поражением функции опорно-двитательного аппарата и сохраненным интеллекгом // А., 2001. Әдеб.: Баймухаметов С. Победитель. М., 2002. Он же. Родителям о детях / Знание. № 4. М., 2001. Победитель / Нива. № 1. Астана. 2002. Закон компенсации / Огонек. № 27. М., 2003.

С.Дюсенов