Шәжімбаев Аяған Қуандықұлы

ШӘЖІМБАЕВ Аяған Қуандықұлы (25.11.1952. Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Қаратал а. – 17.11.1994) – кинорежиссер, актер. публицист. Еңбек жолын “Ленин туы” (қазіргі “Солтүстік Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. 1972 ж. Алматы қ-ндағы М.Әуезов атындағы Қазақ драма театры жанындағы екіжылдық театр студиясын ҚазМУ-дың журналистика бөлімін сырттай бітірген. С.Сейфуллин атынд. Қарағанды театрында актер. 1976 ж. Ш.Айманов атынд. “Қазақфильм” киностудиясында қызмет істеген. Ш-тің 1988 ж. алғашқы “Бәйтерек” документалді фильмі жарық көрсе, 1989 ж. “Алжир” (Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері) көркем-публицистикалық фильмін, содан кейін “Режиссер Жұмат Шанин” атты докрменталді лентасын шығарды. Ш-тың “Жансебіл” көркем фильмі Ашхабад және Тегеран қалаларында өткен Хатықар. кинофестивалдерде жүлделерге ие болған.