2023 жылдың 21 шілдесі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде ақын, ағартушы, композитор, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына арналған «Шәкәрім әлемі» атты онлайн дәріс өтті.
Тікелей эфирде ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, отбасы, қызметі және шығармашылығы жайында екі тілде жан-жақты баяндалды.
Ақын мұраларына үңілсек, Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық жаңашылдығы тыңнан қосқан өлең-өлшем өрнектерінен, өлеңдеріне шығарған әндерінен, үздік композиторлық дарынынан да анық танылатындығын көре аламыз. Осы жағынан қарасақ, Шәкәрім қазақ әдебиетінде ғана емес, дүниежүзілік әдебиетте де өзінің орны бар, шоқтығы биік тұлға деп айта аламыз.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Информация #Чтение #Книги