Сегіз сері Мұхамед-Қанапия Бахрамұлы Шақшақов

СЕГІЗ СЕРІ. Мұхамед-Қанапия Бахрамұлы Шақшақов (1818. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Жамбыл ауд. Гүлтөбе-Маманай қонысы. Благовещен с. – 1854. сонда) — атақты ақын, ұлт-азаттық көтерілісінің батыры. Қызылжар медресесінде оқыған. Араб және орыс тілдерін жақсы білген. С. с-нің халық арасында кең танылған әндері: “Үкілім”, “Көркем-ай”, “Қарагөз” (1-нұсқасы). “Ғайни қыз”, “Айкен-ай”, “Гауһар тас”, “Мақпал”. т.б. жатады. С. с. “Қалқаш”, “Қарғаш”, “Бесқарагер”, “Ғұмыр”, “Әсем арман”, “Туған жер”, “Қыз келбеті”, “Қыз сипаты”, “Қашқын келбеті”, “Мұхит – Жамал”, “Шолпан қыз”. С. с. халық арасында орындалып жүрген батырлық шығармалары мен әлеум.-тұрмыс жайындағы эпостарымен қатар Шығыс халқына танымал батырлық аңыздар мен махаббатқа толы хикаялар мен поэмаларды өңдеген. Оның “Тұлпар”, “Қос қыран”, “Алмас қылыш”, т.б. күйлері белгілі. Біржан сал Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанов, Кемпірбай, Базар жырау Өтемісұлы сияқты белгілі айтыс шеберлері С. с-ні өздерінің ұстазы деп санаған. Нұржан Наушабаев С. с-ге “Ер Сегіз” атты поэмасын арнаған. С. с-нің бірнеше шығармалары ҚР ҰҒА Орт. ғыл. кітапханасының қолжазбалар қорында сақтаулы. Әдеб.: Қазақстан. Қысқаша энциклопедия. А., 1989.

Т. Пшенбаев