САВЧЕНКО Владимир Арсентьевич (4.2.1936, қазіргі Есіл ауд. Рубанов с.) — партия қайраткері және ауыл ш-н ұйымдастырушы. Омбы ауыл ш. ин-тын бітірген (1964). 1956 ж. Ленин (Есіл) ауд. ауыл ш. техникумын бітірген соң. бұрынғы Семей обл. “Чигилек” асыл тұқымды мал з-тына жолдама алады. 1964-75 ж. Ленин ауд. “Заречный”, “Ильич” кеңшарларының бас зоотехнигі, ауд. ауыл ш. басқармасының бастығы, 1975-79 ж. Ленин, Совет аудандарында партия к-тінің 1-хатшысы. 1979-96 ж. обл. атқару к-ті төрағасының 1-орынбасары, агропромның, халықтық бақылау к-тінің, жер қатынастары жөніндегі к-ттің төрағасы қызметтерін атқарған. Қазақстан Жоғ. Кеңесі депутаттығына сайланған. Қазан революциясы, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі” ордендері және бірнеше медатдермен марапатталған.