Құсайынов Зарап Ғазизұлы

ҚҰСАЙЫНОВ Зарап Ғазизұлы (5.4.1955, Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Бұлақ а.) — қоғам қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі. Петропавл пед. ин-тын бітірген. Обл. “Солтүстік Қазақстан” газетінің әдеби қызметкері. жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары, 2005 жылдан Петропавл қалалық “Қызылжар нұры” газетінің редакторы. “Қазақстан Конституциясына 10 жыл” мерекелік медалімен, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім мин-нің, Солт. Қазақстан обл. әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.