Садуақасов Серік Садуақасұлы

САДУАҚАСОВ Серік Садуақасұлы (22.9.1947, Со.тг. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Жаңаталап а.) — агрономғалым, ауыл ш. ғыл. докт. (2003). Қазақ ауыл ш. ин-тын бітірген (1974). Еңбек жолын 1965 ж. Сухорабов орта мектебінде биол. пәнінің мұғалімі болып бастаған. Жас кезінде шығармашылықпен айналысты. Алғашқы әңгімесі “Ленин туы” газетінде жарияланды. Ауд. “Новатор”, Прибво-ның “За Родину” газетіне жазып тұрды. Қазақ Егіншілік ғыл.-зерттеу ин-тында кіші ғыл. қызметкер. аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, селекция орталығының жетекшісі, Қазақ Жем-шөп өндіру және жайылым ғыл.-зерт. ин-ты директорының орынбасары (1975-2000), Қазақ Өсімдік қорғау ғыл.-зерттеу ин-ты директорының орынбасары (2000-2001), кеійн Мал ш. және малдәрігерлігі ғыл.-өндірістік орт-нда кешенді бөлімінің жетекшісі. 50-ден аса ғыл. еңбектің, 5 авторлық куәліктің иегері. С-тың еңбектері өсімдіктер селекциясына және тұқым шаруашылығы саласына арналған. Жоңышқаның бағалы “Қапшағай-80”, “Дархан-90”, “Жайнақ-96” сорттарының, жусанның бағаты “Ұлан”, “Ақжелең” сорттарының авторларының бірі. Шығ.: Селекционные достижения Казахстана (чл. редколегии и соавтор). А., 2001: Селекция, терозис и иммунитет люцерны (монография). а., 2002.