Садуақасқызы Ү. (Мүмина). Өмірімнен ескерткіш

Автор: Садуақасқызы Үкіжан (Мүмина)
Описание: Садуақасқызы, Ү. (Мүмина). Өмірімнен ескерткіш / [құраст. Г. Өтелбай ; ред. алқасы: Д. Қамзабекұлы, А. Перуашев, Е. Барлыбаев [ж.б.]]. – [Астана] : [Баспасыз], [2024]. - 503 б. : сурет., 8 б. фотосурет. – 1 000 дана. - ISBN 978-601-11-0106-6.
Аннотация: «Өмірімнен ескерткіш» - еліміздің айтулы дін ғұламасы, ХХ ғасырдың 20-30-жылдары көзқарасы мен сенімі үшін қудаланған тулға, 1952-1972 жылдары Қазақстан қазиятын басқарған қайраткер, аудармашы, ақын Садуақас Ғылмани перзенті Үкіжан (Мүмина) Садуақасқызының (1923-2020) қолжазба 11 дәптері негізінде әзірленген жинақ.

Бұл басылым қайсар қазақ қызының атеизм дәуірінде әке өсиетіне адалдығын, еңбекқорлығы мен парасатын, ең бастысы үзіліссіз рухани мұраны құнттауын, үнемі дін мен дәстүр үйлесімін насихаттағанын дәлелдейді. Үкіжан садуақасқызы 97 жасына дейін жұртшылыққа ел анасы деңгейінде ақ батасын беріп, С.Ғылманидың көп еңбегін жадында жаңғыртып, айтып жүрді.

Кітап мұратану, дінтану, өлкетану мамандарына және рухият тарихынақызыққан жалпы қауымға арналған.

Даритель: Д. Қамзабекұлы