САҒДИЕВ Махтай Рамазанұлы (1929. Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Өндіріс а.) — мемлекет және қоғам қайраткері. Талғар ауыл ш. техникумын. Н.К. Крупская атынд. Семей мемл. мұғалімдер ин-тын бітірген (1950). 1954 ж. Есп ауд. партия к-тінің инспекторы. 1956-57 ж. Есіл ауд. Ильич атынд. МТС-нда партиялық бюроның хатшысы. 1957-61 ж. Алматы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1961-62 ж. Есіл ауд. Явлен а-ның партиялық бюросының хатшысы, 1962-66 ж. Сергеев ауд. “Афанасьев” кеңшарының директоры, 1966-70 ж. Соколов ауд. партия к-тінің, 1970-71 ж. Жамбыл ауд. партия к-тінің 1 -хатшысы. 1971-80 ж. Торғай обл. атқару к-ті төрағасының орынбасары, 1980-83 ж. Қазақ КСР Балық ш. министрі, 1983-85 ж. Қостанай обл. атқару к-тінің төрағасы. 1985-89 ж. Көкшетау обл. партия к-тінің 1-хатшысы, 1989-90 ж. Қазақ КСР Жоғ. Кеңесі Президиумының төрағасы қызметтерін атқарған. 1991 жылдан Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы. 10-, 11-сайл. Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің депутаты болған. Ленин, Қазан революциясы, 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту, “Парасат” ордендерімен және медалдермен марапатталған. С. “Шындық бар жерде сенім де бар” атгы кітаптын авторы.
М. Ключеров