«Сәулелі ғұмыр»

2021 жылдың 25 маусымы күні сағат 15.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі жазушы, журналист, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовтің «Сәулелі ғұмыр» кітабының тұсаукесері өткізілді.
Бұл кітап Алматы қаласындағы «Асыл кітап» баспасынан 2021 жылы басылып шықты.
Шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, оқытушылар, мұғалімдер, журналистер, кітапхана оқырмандары қатысты.
Шараны «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-нің бас редакторы Ербақыт Амантайұлы жүргізді.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Жанбай Қадыров осы «Сәулелі ғұмыр» кітабына толық талдау жасады. Оның құндылығын баса айтты.
Тұсауы кесіліп отырған кітап туралы пікірлерімен Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, еңбек ардагері Тілек Әбдірахманов, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің профессоры, Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық академиясының академигі Зарқын Тайшыбай, белгілі журналист Өмір Есқали, Қазақстан Республикасының құрметті журналисі Амандық Жантеміров, «Асыл мұра» орталығының қызметкері Ахметжан Қуантаев, белгілі журналист, ақын Нұрсайын Шәріп, ардагер педагог Қымбат Исманова бөлісті. Олар бұл кітаптың Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тарту екенін және жастарға ұлы тұлғалардың ұлағатты істерімен, ерен еңбектерімен, азаматтық келбетімен, өр мінезімен ұлтына, жұртына адал қызмет еткен, осылайша ел құрметіне бөленген ардақты тұлғалармен танысуына көмектесетін ғылыми-танымдық кітап деп бағалады.
Кітаптың тұсау кесер рәсімін Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, еңбек ардагері Тілек Әбдірахманов және ардагер педагог Қымбат Исманова жасады.
Кітап авторы Жарасбай Сүлейменов шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Шараға қатысқандар «Ғашық ғұмыр бояулары» атты суретті кітап көрмесін тамашалады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс
#ГодПоддержкиДетскогоИюношескогоЧтения #СәулеліҒұмыр