Кітапқа ақынның әр кезеңдегі шығармалары енгізілді.
Атақты жазушы ағамыз Ақселеу ейдімбекавтордың «Жүректегі қызғалдақ» атты кітабына (Астана, «Фолиант», 2008) жазған Алғысөзінде:
«Айтбай Сәулебекті «Лениншіл жаста» өткірлігімен елдің көзіне түсіп жүрген кезінен білемін. Ол бұдан кейін де заманның өзгеруіне байланысты аса жауапты, аса қастерлі мамандықтың небір өткелінен өтті. Уақытсынына төтеп берді. Қоғамдық құбылыстар мен оқиғаларды шынайы қалпында, дер кезінде халқына жеткізіп отырды.
Айтбайдың өлең мен әңгімеге қалам тартатындығын білмесем де, шек келтірмеген ем. Әлемдік тәжірибедежурналистика арқылы әдебиетші боп танылған дарын көп-ақ. Ендеше, ініміздің талабын неге құптамасқа?
Сәулебектің осы кітабына әңгіме, новелла, эссежәне өлендері топтастырылыпты. Маған әсіресе оның махаббат тақырыбындағы шығармалары ұнады десем артық айтқандық емес – деп бағасын берген екен.
Жыр жинағы поэзияны сүйетін қауымға арналған.