Сүтішев Кәрім Мұхаммед-Рахымұлы

СҮТІШЕВ Кәрім Мұхаммед-Рахымұлы (12.1885. Атбасар қ. – 1918. Петропавл қ.) — Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату үшін болған ұрыстарға қатысушы. 1905-07 Бірінші орыс революциясы жылдары және Ақпан революциясының жеңісінен кейін (1917) де жұмысшылар арасында үгіт-насихат жұмыстарын белсене жүргізген. 1917 ж. сәуір айынан Петропавл солдаттар мен жұмысшы депутаттары Кеңесінің мүшесі, қараша айынан бастап Петропавл рев. к-тінің мүшесі болды. Кеңес өкіметі орнаған соң Петропавлдегі қазақ және татар жұмысшылары арасындағы жұмыс секциясын басқарған. С. жерді мемл. меншігіне айналдыру ісіне қатысқан, Депутаттар Кеңесінің сауда-өнеркәсіптік бөлімінің комиссары, банк комиссарының көмекшісі болған. Былғары з-тының жұмысшыларынан С. құрған қызылгвардияшылар тобы 17.3.1918 ж. қазақ офидерлері басшыларының қолдауымен көтерітген контррев. бүлікті басуда шешуші рөл атқарды. 31.5.1918 ж. Петропавл чехословак бүлікшілері мен ақ гвардияшылардың қолына өтті. Олар коммунистер мен кеңес қызметкерлерін аяусыз жазалады. 1 шілде күні С. ешқандай тергеусіз және соттың шешімінсіз айуандықпен өлтірілді. Петропавл қ-ның бір көшесіне С. есімі берілген (1927 жылдан). Сол жерде граниттен жасалған С. бюсті тұр.

Әдеб.: Холодков А.А. Петровпавловские большевики в трех революциях. А.-А.. 1987.