Сәрсенбаев Қабдірәшит

СӘРСЕНБАЕВ Қабдірәшит (1927, Есіл ауд. Қарағаш а. – 2004, сонда) – диқан. Жастайынан жетім қалып, 1945 жылдан Есіл ауд. “Тораңғыл” кеңшарында механизатор болып жұмыс істеген. 1957-87 ж. трактор-егіс бригадасының бригадирі болды. Өзінін 40 жылдан астам өмірін облыстың ауыл ш-ның дамуына арнады. КСРО Мемл. сыйл-ның лауреаты. Екі мәрте ”Еңбек даңқы” ордені және 1941-1945 жылдардың Ұлы Отан соғысындағы “Ерен еңбегі үшін”, “Тың және тыңайған жерлерді иергені үшін”, “ВДНХ”, ”Еңбек ардагері” бірнеше медалмен марапатталған.