Рыспаев Жеңіс Қайыржанұлы

РЫСПАЕВ Жеңіс Қайыржанұлы (25.1.1949. Петропавл қ.) — ген.-майор. И.С. Конев атынд. Алматы Жоғары жалпы әскери командалық уч-щесін (1975). Әскери Қарсыбарлаушылардың жоғары курсын (1978), КСРО МҚК ПГУ жоғары курсын (1984) бітірген. Жалпы әскери бөлімнің командирі. КСРО МҚК Ерекше бөлімнің аға уәкілі. 1986 ж. КСРО МҚК секторының Орт. Азия әскери округі бойынша аға уәкілі, 1987 ж. әуе ұшқыштары кадрларының білімін жетілдіретін орталық курсы бойынша КСРО МҚК бөлімі бастығының орынбасары (Фрунзе қ.), 1989 ж. КСРО МҚК Жоғары курсының шет тілдері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары. КСРО МҚК МСБ Түркістан әскери округі бойынша әскери қарсыбарлау бөлімі секторының бастығы, 1992 ж. бөлім бастығының орынбасары, ҚР ҰҚК әскери қарсыбарлау басқармасы бастығының орынбасары. ҚР Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасының бастығы. 1997 ж. мамыр айынан ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары. 1997 – 1998 ж. ҚР ҰҚК “Барлау” қызметінің директоры. Қызыл Жұлдыз орденімен және медалдермен марапатталған.