«Рухтандырылған бейнелер шебері». Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовқа 95 жыл.

Бүгінгі «Арт – энциклопедияны» шығарылымы белгілі қазақ кескіндемешісі, кино суретшісі Сахи Романовтың 95 жылдығына арналған!

«Қазақфильм» киностудиясының жетекші мамандарының бірі Сахи Романовтың шығармашылығы ең алдымен, кино суретшісі ретінде,содан кейін станокты живопись пен гарфикалық жұмыстарды өзара тығыз ұштастыра жүргізе білуімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, жанрдың ерекшеліктіріне қарамастан,оның барлық шығармалары бай мазмұнымен , баяндалу үлгісінің нақтылығымен,өзіндік айқын қолтанбасымен, өмірді терең түсінуі сияқты шығармалық ізденісінің сан қырлығымен дараланады.

Сахидың өзгелерден ерекше өзіндік «үні» алғаш рет 1955 жылы, қазақ халқының «Қырық өтірік» ертегісі бойынша салған суреттері қойылған республикалық көрмеде естілді.

Бұл жалдары республикамызға бір топ талантты шығармашылық жастрадың келуіне байланысты Қазақстан өнері де өркендеу, жаңару кезеңінде болатын. Сахидың шығармаларын сыншылар қауымы да дер кезінде лайықты бағалап, көрермендер де жылы қабылдады. Суретшіні халық арасынан шыққан тазша баланың айбарлы да ақымақ ханды тапқыр ойымен,өткір ақылымен үнемі алдап жеңіп отыратын таңғажайып тапқарлығы ерекше толғандырды.Халық ертегісінің әлеуметтік табиғатын терең түсіне білді және ертегі кейіпкерінің өмір шындығынан алынғандығын дөп басып көрсете алды.
Құрметті достар. Сіздердің әрқайсыңыз біздің бөлімге келіп, отандық өнер шеберлері туралы көбірек біле аласыз.


#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы #АртЭнциклопедия