Рухани жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

«Рухани жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық».
Білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар десек, онда әлемнің үздік 100 оқулығын қазақ тілінде сөйлету өте тиімді әдіс деп қарауға тиіспіз. Әсіресе, жоба жастарға тың серпін береді. Ең бастысы, жастардың жаңа оқулықтағы бағыт-бағдарын дұрыс бағамдай алса болғаны. Себебі, технологияны меңгерудегі әлемдік озық тәжірибенің бағыты айқын. Бір сөзбен айтқанда, 100 жаңа оқулықтың қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі ерекше.
Әлемнің озық деген оқулықтарын аудару арқылы біз білім, ғылым саласындағы озық ойды жастардың санасына сіңіріп, алдыңғы қатарлы мемлекеттермен тең ойлай алатын, бәсекелесе білетін ұлтты қалыптастырамыз. Осылайша кітапхана да өз үлесін қоса отырып, сол кітаптармен барлық оқырмандарды таныстыруға ат салысады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #РуханиЖаңғыру