«Рухани жаңғыру» жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Этика – адамгершілік әртүрлі қоғамдық құбылыстардағы сан алуан түрі мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Оқулықта дін, утилитаризм, деонтология, табиғи құқық, қайырымдылық және феминистік этика, сонымен қатар қазіргі кезде жиі талқыға түсіп, қызу пікірталастарға негіз болған эвтаназия, мораль, әділ экономика, жануарлар, соғыс пен зорлық-зомбылық және жаһандану этикасы кең талқыланады.
Эстетика – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Ғылымның бұл саласы әсемдікті, көркем шығармашылықтың жалпы заңдылықтарын, адамның болмысқа сезімдік қатынасын зерттейді. Автор өнер дамуының табиғаты, болмысы, тууы және теориялық тарихы проблемаларын түсіндіре отырып, тыңнан зерделеуге жол ашады. Әсемдік, асқақтық, трагедиялық, комедиялық категориялары жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдалады. Теориялық ережелер әлемдік өнер тарихының құнды материалдарымен берілген.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #РуханиЖаңғыру» #ҚазақТіліндегі100ЖаңаОқулық