Құрманғожин Сәлім Әлмағанбетұлы

ҚҰРМАНҒОЖИН Сәлім Әлмағанбетұлы (4.1.1934. Солт. Қазақстан обл. Шал ақын ауд. Еңбек а.) — Төтенше және өкілетті елші. ҚР-ның Дипломатиялық қызметіне еңбек сіңірген қызметкер, ҚР-ның Сыртқы саясаты Кеңесінің мүшесі, БҰҰ-ның Көмек көрсету кеңесінің мүшесі, саясаттану ғыл. канд.. 1955 ж. Алматы пед. шет тілдер ин-тын, Мәскеудегі Жоғары дипломаттық мектебін (1963. қазіргі Дипломаттық Академиясы). КСРО ІІМ басшы кадрларының білімін жетілдіру курсын (1970) бітірген. Ағылшын және түрік тілдерін біледі. 1955—56 ж. Петропавл пед. ин-тында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы; 1956— 61 ж. Қазақ КСР ІІМ-нде, КСРО ІІМ-нде. ҚР ІІМ-нде әр түрлі қызметтер атқарды: Қазақ КСР ІІМ-нің 2-, 1-хатшысы, 1963-67 ж. ОАР-дағы КСРО Елшілігінің 3-хатшысы (қазіргі АРЕ. Каир). 1967-70 ж. КСРО ІІМ З-Африкалық бөлімінде 3-, 2-хатшы, 1971-73 ж. КСРО ІІМ Мәдени қатынастар бөлімінің 1-хатшысы, 1973—78 ж. Стамбұлдағы (Түркия Республикасы) КСРО Бас консульдігінің консулы, 1978—84 ж. КСРО ІІМ Бас хатшылығының кеңесшісі. 1984—89 ж. Эфиопия Халықтық Демократиялық Республикасындағы (Аддис-Абеба) КСРО елшілігінде кеңесші, 1989-92 ж. КСРО ІІМ-нде зерттеуші-кеңесші. 1992—93 ж. ҚР Сырткы Істер министрінің 1-орынбасары, 1993—96 ж. Вснгрия Республикасындағы ҚР-ның төтенше және өкілетті елшісі, 1993 жылдан ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, кеңесшілер тобының жетекшісі. ҚР ІІМ Бақылау басқармасының бастығы. Мин. алқасының мүшесі. ҚР ІІМ Дипломатиялық Академиясының Мин. басшы қызметкерлері мен Төтенше және өкілеггі елшілердін білімін жетілдіру бөлімінің бастығы. Қ-нын ұсынысымен бірнеше нормативтік актілер мен ережелер, оның ішінде ҚР-ның Ішкі істер министрліті. ҚР-ның елшіліктері. ҚР-ның төтенше және өкітетті елшілері туралы. “ҚР-ның дипломатиялық қызметі” заңының жобасы жасалды. 1999 жылдан әл-Фараби атынд. ҚазҰУ-нің. Қазақ-Американ ун-тінің профессоры. Венгрия Республикасының құрметті “Жұлдызды орташа крест” орденімен (1995), “Еңбек ардагері” (1990) медалімен және КСРО Министрінің гра-моталарымен. ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (2003) және ҚР-ның медалдерімен марапатталған. Баспа беттерінде жарияланған 40-қа тарта еңбегі бар.

Шығ.: 2001; Diplomatik protocol and diplomatik consular correqpondence, A., 2001; Diplomatik and consular service, A., 2003; 45 лет дипломатической службе, А., 2003.