РАМАЗАНОВ Жеңіс Рашитұлы (5.9.1944. Солт. Қазақстан обл. Сергесв қ.) — ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органының ардагері, полковник. 1972 ж. Мәскеу қ-ндағы Дзержинский атынд. Қызыл Жұлдызды Жоғары мектебін бітіріп, заңгер-құқықтанушы мамандығын алып, жапон тілін біліп шығады. 1972-75 ж. КСРО МККБ-ның Тула обл. бөлімшесінде қызмет істейді. 1975—88 ж. Солт. Қазақстан обл. МҚК басқармасында: аға уәкіл, бөлімше меңгерушісі, бөлім бастығынын орынбасары. 1988 ж. Қазақ КСР МҚК Орталық аппаратына жұмысқа ауыстырылып. 5-Басқарманың бөлім бастығы. ҚР ҰҚК-нің құрамында құрылған ҰҚК инспекциясының аға инспекторы, 1994-97 ж. ҰҚК жедел-іздестіру басқармасының 1-орынбасары болды. Запасқа шыққан соң ҰҚК Академиясында допент болып қызмет атқарды. Ғыл. мақалалары ҰҚК Академиясының басылымдарында жарияланған. Медалдермен және мерейтойлық белгілермен “КОКП в ВЧК-КГБ на 60 жыл” марапатталған.