Рамазанов Кенжетай

РАМАЗАНОВ Кенжетай (1932, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Айыртау ауд. Әлжан а.) — Социалистік Еңбек Ері (1973). Еңбек жолын 1946 ж. 14 жасар жасөспірім кезінде Шу — Алматы темір жолын салуға қатысудан бастаған. 1952-55 ж. Кеңес Армиясы қатарында қызмет еткен. 1948-52, 1955-61 ж. Бұлақ МТС-нда тракторшы, жүргізуші болып жұмыс істеген. 1961 жылдан Лобанов кеңшарының бригадирі болды. Қазіргі уақытта күрметті зейнеткерлік демалыста.