«Әр сөзі алтын болған асыл баба»

2022 жылдың 10 қарашасы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Тоқсан бидің туғанына 285 жыл толуына арналған «Әр сөзі алтын болған асыл баба» атты тарихи-әдеби кеш етті.
Шараға ақын-жазушылар, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенттері, Жұмабек Тәшенов атындағы №20 мектептің оқушылары мен мұғалімдері, кітапхана оқырмандары, Тоқсан бидің жерлестері, туысы – Гүлшат Рамазанова, Тоқсан бидің туған інісі – Сексен батырдың ұрпақтары Қайрат Файзуллин мен Мұрат Қалиев қатысты.
Шараны белгілі жазушы, журналист, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің СҚО бойынша меншікті тілшісі Жақсыбай Самрат жүргізді.
Алғашқы болып сөз сөйлеген ардагер ұстаз, Тоқсан бидің жерлесі Қарақат Шалабаев, одан кейін сөз сөйлеген әнші, термеші, сазгер, тарихшы, өлкетанушы, Тоқсан биді зерттеуші Дәстен Баймұқанов, «Асыл мұра» орталығының жетекшісі Ахметжан Қуантаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин, зейнеткер Арыстан Әкімжанов, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің студенті Құралай Әділ «дала данышпаны» атанып, әділдігімен үш жүзге аты жайылған би, шешен Тоқсан бидің «Қара қылды қақ жарған» әділ би болғанын, оның айтқан билік, шешендік тапқыр, ақыл да нақыл сөздеріне көптеп тоқталды. Тоқсан би бабамыздың асыл сөздері жас ұрпақты әділдікке, адамгершілікке тәрбиелеуде тәрбиелік мәні өте зор екені баса айтылды.
Ақын, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Самрат Құскенов Тоқсан биге Арнау өлеңін оқып берді.
Тоқсан бидің туысы – Гүлшат Рамазанова атасы туралы өте құнды деректерді келтіріп, оның даналық, әділдік қасиеттеріне, шешендік өнеріне жан-жақты тоқталды. Шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Тоқсан бидің туған інісі – Сексен батырдың ұрпақтары Қайрат Файзуллин мен Мұрат Қалиев те сөз сөйледі.
Шараға қатысушылар «Дала данышпаны» атты кітап көрмесін тамашалады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги