Биыл қазақ әдебиетіне «Қар қызы», «Кербұғы», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Атау кере», «Тортай мінген ақбоз ат» сынды өшпес шығармалар сыйлап, «Алтайдың кербұғысы» атанған жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толады. Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі әлем әдебиетінің тарихынан өз орнын айшықтаған тұлға. Ұлтының бағына біткен жазушының шығармалары бір оқып қана қоятын шығарма емес, ізгілікке қызмет етер мәңгі туынды.
Бүгін кітапханада №23 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Д.Шопанованың қатысуымен «Өр Алтайдың Мұзбалағы» тақырыбына тікелей эфир өтті. Эфирде жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение