ПУЗИКОВ Михаил Федорович (1933, Солт. Қазақстан обл. қазіргі М.Жұмабаев ауд. Куломзин а.) — ғалым, тарих ғыл. докт. (1991). проф. (1993). Қорған мемл. пед. ин-тын (1963), ҚазМУ-дың аспирантурасын (1971) бітірген. 1960—66 ж. Булаев ауд. партия к-тінде нұсқаушы, лектор-кеңесші. 1994 ж. әл-Фараби атынд. ҚазМҰУ-дің әлеуметтану кафедрасының профессоры. Ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты әлеуметтану тарихы, саясаты, жекебастың, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық пікір туралы әлеуметтану мәселелеріне арналған. Шығ.: Постижение науки труда. А.-А., 1991. Феномен власти в постсоветском обществе: компаративитский подход к проблеме лидерства // Роль социалогии в обновлении общество. Алматы, 1997. Қ. Есмағамбетов.