Поэзия сағаты «Есіл өңірі» Ақын Ғ.Малдыбаевтың шығармашылығы жайында

Әдебиетке әркім әртүрлі жолмен келеді. Ғалым Малдыбаев кеңестік дәуірдің дүр еткен толқынына қосылып, поэзия айдынында екпіндеп келіп, Сәбит, Сәкен, Бейімбет сынды жарқ етіп көрінген жұлдызды шоғырдың қатарына қосылды.
Ғалым Малдыбаевтың поэзиясының негізгі тақырыбы қазақ даласына бостандық таңын әкелген жаңа өмір өзгерістері, еркіндік, теңдік алған кедейлердің қуанышы, шаттығы, қазақ даласының жаңарған бейнесі болды.
Ақынның поэзиясындағы тағы бір негізігі тақырыптары – табиғат, туған жер. Табиғат аясында туып өскен әрбір ақынның туған жер тақырыбына қалам тартпауы мүмкін емес. Туған мекенің, оның табиғатының әсемдігін жырлау – барлық ақынның перзенттік парызы. Ақын туған жерін ерекше махаббатпен, шабыттана жырлайды. Ол қай шығармасында болмасын кейіпкерімен бірге қуанады, шаттанады, қайғырады, күйзеледі. Сондықтан оның шығармалары шынайы, кейіпкерлері таныс болып, оқырмандарын бірден баура алады.
Бүгінгі шығарылымда сіздерге «Өлкенің өркені», «Өмір туралы толғау», «Уа, гүл далам, тамшыдай-ақ жазғаным», «Есіл», «Қажымұқан» өлеңдерінен үзінділер ұсынамыз.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #ЕсілӨңірі