
М.О.Әуезов ерекше көңіл аударған тақырыбы – қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін айқындап, оның өмір тәжірибесі арқылы тәлім-тәрбиелік, дүниетанымдық құралы ретінде қарастыру. Осыған орай, ол қазақ халқының тарихи қалыптасқан ерекшеліктерін ескере оқулықтарын құрастырған.
Қазіргі мектепте қайтадан орын алған маңызды тақырыптардың бірі – имандылық тәрбиесі. М.О.Әуезовтің мұрасында осындай көзқарас діни сана, діни сенім-наным, діни ұғымдардан тұратын әлеуметтік –рухани жүйені құрайтынын түсіндіруге мақсат қойылған. Қаламгер шығармаларындағы жастар назарына ұсынылған діни ұғымдар, наным-сенімдер, дінге қатысты мақал-мәтелдер, айшықты сөздер, діни терминдер, фразеологизмдер шәкірттердің имандылық көзқарастарының қалыптасуына жағдай жасайды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #МұхтарӘуезовтыңШығармашылығындағыАдамгершілікТақырыбы