Қожаберген жырау

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ, Толыбайұлы Қожаберген (1663, Солт. Қаз. обл., Жамбыл ауд. Благовещен с. аум. Гүлтөбе жері — 1762, сонда) — жырау-жыршы, қолбасшы, мемл. қайраткер. Қ. ж-дың әкесі Толыбай сыншы Дәуленұлы (1603-1680) атақты батыр болған. Қожабергенді немере ағасы Кіші жүзден Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы тәрбиелеп, оқытқан. Қ.ж. Бұқара. Самарқан және Үргеніш мелресесінде оқыды. Араб. парсы тілдерін, шығ. мәдениетін меңгерген. 13 жасынан бастап өлең шығара бастады. Қ.ж.-дың көп тілді білуі оның болашақ тағдырына көмек етті. ол Ортазиялық елдерге. Қоқан. Бұқара. Хиуа хандықтарына, сондай-ақ түркімендер мен Парсы патшатығына ханның елшілігін бастап барды. Қ.ж-дың өмірі мен қызметінің белгілі бір бөлігі Тәуке хан есімімен байланысты, Тәуке хан құкық тәртібі мен мемл. құрылымның негізгі принциптерін айқындаған “Жеті жарғы” дәстүрлі құқық нормаларының жинағын шығарған. Осы заңдар жинағы авторларынын бірі Қожаберген жырау болды. 1688 ж. Тәуке ханның бастауымен Түркістан маңындағы қазақ рулары 25 жасар Қожаберген жырауды ордабасы етіп сайлады, яғни ол хан әскерінің бас қолбасшысы болды. Қазақтардан, қырғыздардан, қарақалпақтардан, ноғайлардан, барабин татарларынан құралған біріккен әскерін 22 жыл бойы (1688—1710) жоңғар басқыншыларына қарсы күреске бастаған Қожаберген жыраудың ерліктері өлеңдер мен дастандарға өзек болған. 1723 ж. жоңғарлар қазақ жеріне шабуыл жасаған кезде Қожаберген жырау атақты “Елім-ай” әнін шығарды. Содан кейін осындай атаумен “Елім-ай” дастаны дүниеге келді. Бұл шығарма 7 бөлімнен тұрады, бізге тек 4-ші бөлімі ғана жетті. Онда Қ-ж. сол кездің хандары мен сұлтандарын әшкерелеп, олардың сатқындығынан “ақтабан шұбырынды” болғандығын ашына баяндайды. Қ.ж-дың шығарм. мұрасын жинаушының мәліметтері бойынша керемет музыкант, сазгер, ұста, зергер, аңшы, емші болған. Қ.ж. – халық тағдырының жыршысы. Ол тарихи оқиғаларды, сондай-ақ өз заманының жекелеген көрнекті өкілдерін жырға қосты. Қ.ж. шығарм. туралы мәліметтер Ы.Алтынсариннің ”Қырғыз хрестоматиясына” енген. (1879. 1903) ҚР ҰҒА Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында бірқатар шығармалары сақталған. 2000 ж. 21 желтоқсанда СҚМУ-де Қожаберген жыраудың өмірі мен шығарм. арналған ғыл,-практикалық конференция өткізілді.

С. Жұмабаев, А. Аткелтіров, Қ. Мұқанов