ҚОЖАБЕКОВ Зейнулла Камалұлы (1.1.1929. Мамлют ауд.) — ғалым. биол. ғыл. докт. (1980), проф. (1981), Қазақ ауыл ш. ҒА-ның акад. (1991), Қазақстан ҰҒА-ның акад. (1996). Омбы ветеринария ин-тын бітірген (1952). 1962—83 ж. Алматы зоовет. (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) ин-тының ауыл ш. мал физиологиясы кафедрасында аспирант, ассистент, кафедра меңгерушісі. проректор. сол институттың ректоры. 1986—97 ж. Қазақ малдәрігерлік зерттеу ин-тының директоры. 1991—95 ж. Қазақ Ауыл ш. ҒА-ның вице-президенті қызметтерін атқарған. Қ. ауыл ш. малының физиологиясы және патофизиологиясы саласының жетекші маман-ғалымы. 150-ден астам ғыл. еңбектің, соның ішінде 3 монографияның авторы. Ол қазақ тілінде патофизиологиядан оқулық жазған (1992). Еңбек Қызыт Ту, “Халықтар Достығы” ордендерімен және медалдермен марапатталған. Шығ.: Основные физиологические показатели обмена веществ и энегрии у овец в раннем постнатальном онтогенезе. А.-А., 1979: Физиология сельскохозяйственных животных. М., 1980 (соавт.).