«Оттай ыстық Отынағаш»

2021 жылдың 26 қарашасы күні сағат 17.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист, публицист, аудармашы Зейнолла Рамазанұлы Әкімжановтың 70 жылдығына арналған «Оттай ыстық Отынағаш» кітабының тұсаукесері өтті.
Шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, журналистер, достары, туған-туысқандары қатысты.
Тұсаукесер кешін ақтаңгер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы ашып, жүргізіп отырды.
Алғашқы болып Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Досбол Нұржанұлы Абдрисов сөз сөйледі.
Кітаптың тұсаукесер рәсімін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ғалым Жайлыбай, СҚО әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Досбол Абдрисов және қоғам қайраткері, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, академик Зарқын Тайшыбай жасады.
Жиын дәстүрлі әнші, республикалық байқаулардың лауреаты, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік стипендиясының лауреаты Біржан Есжановтың орындауындағы Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнімен басталды.
Кешке қатысқан қонақтар Зейнолла Әкімжанов туралы жылы лебіздерін білдіріп, естеліктерімен бөлісті, ал жас ақындар оған арнаған өз өлеңдерін және Зейнолла Әкімжановтың өлеңдерін жатқа оқып берді.
Зейнолла Әкімжановтың мұрасын насихаттау мақсатында өткен «Зерделі сөздің зергері — Зейнолла» атты облыстық ақындар мүшәйрасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Шара барысында сөз сөйлегендер Зейнолла Әкімжановтың үйінде ескерткіш тақта, Сәбит Мұқанов атындағы кітапханада Зейнолла Әкімжановқа бұрыш, «Солтүстік Қазақстан» газеті редакциясында кабинет ашылса деген ұсыныс айтты.
Шараға қатысқандар «Кестелі жыр, көркем ойдың шебері» атты суретті кітап көрмесін тамашалады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы #ОттайЫстықОтынағаш