ҚОСШЫҒҰЛОВ Мұртай Аманбайұлы (5.5.1924, Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Тауағаш с.) — жазушы. КСРО Жазушылар Одағының мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1956 ж. ҚазМУ-дың заң ф-тін бітірген. 1957—70 ж. Петропавл қ-ның халық соты қызметін атқарды. Сол уақыттарда қылмыстық тақырыптарға шығармалар жазды. Кейін ҚР-ның Жоғарғы Соты аппаратында, Алматы қ-ндағы Ленин ауд. халық сотының төрағасы. 1976- 84 ж. Октябрь ауд. халық соты болып жұмыс істеген. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медалдермен марапатталған.
Шығ.: Кінәлі кім? Судья жазбалары. А., 1960: Шындық сыры. Судья жазбалары. А., 1973; Өмір сүргім келеді. Судья жазбалары. А., 1983.
О.Қалиев