ОСПАНОВА Алма Айыпқызы (8.3.1940. Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Суаткөл а.) — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Солт. Қазақстан мемл. ун-тінің проф. Петропавл пед. ин-тын, Құрманғазы атынд. Алматы мемл. консерваториясын (1970) бітірген. Абай атынд. Мемл. акад. опера және балет театрына опера труппасының әншісі болып жұмысқа қабылданады. Орыс, батыс, еур., қазақ ренертуарларындағы опера спектаклдерінде: Татьяна — “Евгений Онегин” (Чайковский), Микаэла — “Кармен” (Бизе), Аида — “Аида” (Верди). Сара — “Биржан и Сара” (Тулебаев), т.б. рөлдерді орындаған. Соңғы жылдары Т.Жүргенов атынд. Өнер академиясында, кейіннен Солт. Қазақстан мемл. ун-тінде дәріс беріс жүр.