Қоспанов Мұқаш Қоспанұлы

ҚОСПАНОВ Мұқаш Қоспанұлы (1917, Солт. Қазақстан обл. Шал ақын ауд. Кеңес а. — 1984, Петропавл қ.) — мал дәрігері. Ауыл ш-на еңбек сіңірген қызметкер. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1939 ж. Омбы малдәрігерлік ин-тын бітірген. Ин-тты бітірген соң Қызыл Армия қатарында қызмет еткен. Соғысқа Белоруссия жерінде 55-атқыштар дивизиясының құрамында кірісіп, кейіннен генерал Довстордың кавалериялық әскері қатарында болған. Батыс, Белорусь майдандарындағы ұрыстарға қатысқан. Германия мен Кенигсбергте әскери борышын өтеген. Соғыстан кейін Солт. Қазақстан обл-на келіп, Приишим ауд-нда аусыл ауруының эпидемиясымен күресуге қатысқан. 1953 ж. обл. мал ш. жөніндегі ауыл ш. басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. Тың игеру жұмыстары басталған кезде аға мал дәрігері, “Қызылжар”‘ кеңшарының директоры, астық дайындау бойынша аға инспектор, Приишим ауд. атқару к-тінің төрағасы. Ленин ауд. ауыл ш. басқармасы бастығының орынбасары. обл. мемл. тұқым ст-ның директоры қызметтерін атқарған. 1977 ж. еңбек мүгедегі болып танылған. 1975 жылдан зейнеткерлік демалыста. 2-дәрежелі Отан соғысы. Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медалдермен. Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

С.Пресняков