Осипов Василий Герасимович

ОСИПОВ Василий Герасимович (1892-1972, Петропавл қ.) — бақша, сәндік өсімдіктер өсіруші. 1931-52 ж. Петропавл қ-ндағы парктерді, бауларды, мектеп маңайындағы телімдерді, т.б. жерлерді көгалдандыру жұмыстарының бастығы болды. О. Алматы қ-ндағы Үкімет үйінің алаңын (1951), Петропавлдегі Октябрь алаңын (1970-71) көгалдадыруды жоспарлау ісіне қатысқан. “Зеленстрой” ұжымының жасаған жұмыстарын қамқорлыққа алып отырған. Оның ғажайып безендірулеріне, әдемілікті жасай білетін өнеріне белгілі ботаник, акад. Н.Цицин, атақты жазушы В.Чивилихин, т.б. қызыға қараған. О. Петропавлдегі сәндік өсімдіктер оранжереясының негізін салушы. (қ.: “Табиғат балалары” экологиялық орталығы).