ОСИПОВ Петр Николаевич (1925, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Есіл ауд. Петров а. – 1989, Петропавл қ.) — журналист, еңбек ардагері. Еңбек жолын Петропавл қ-ндағы вагон депосында слесарь болып бастаған. 1947 ж. “Рабочий молот” газетінің т.ж. бөлімшесінде редактор. “Омский железнодорожник” газетінде, Бүкілодақтық “Гудок” газетінде жұмыс жасады. 1954 ж. “Ленинская смена” газетінің редакция ұжымына редактордың орынбасары болып қабылданады. Одан кейін телерадио басқармасының үлкен шығарм. ұжымын басқарады, обл. партия к-тінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істейді. “Железные верстки”, “К югу от Моинты”, “Петропавлское локомотивное депо”, “На главном ходу Транссиба”, “Путь в 60 лет”, т.б. кітаптардың авторы.
С.Пресняков