ОРЫНБАЙ, Бертағыұлы Орынбай (1813, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Айыртау ауд. аумағы – 1891, сонда) — ақын, жырау. О-дың әкесі мен атасы да жырау болған. Ол феодальдық басшыларға қарсы сөйлеген. Ш.Уәлиханов қайтыс болғанда О. жоқтау-өлең айтқан (“Уа, Шыңғыс, Зейнеп ханым, көтер басты”). Шортанбаймен. Арыстанмен. Ақан серімен. Шөжемен, Сералымен, Балтамен. Тоғжанмен, Сақаумен, Түбекпен, Құлтумамен, т.б. ақындармен айтысқан. О-дың кейбір өлеңдері, поэмаларын А. Янушкевич (1846), Ш.Уәлиханов (1858), В.Радлов (1870), С.Сейфуллин (1931). т.б. жинақтап шығарған. О-дың поэзиялық шығарм-на жоғары баға берілген.