Оразалин Мұхамедқали

ОРАЗАЛИН Мұхамедқали (1.1.1918, Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Бірлік а.) — педагог. Халық ағарту ісінің үздігі. Петропавл пед. пн-тын бітірген (1938). 1938-42 ж. Преснов (қазіргі Жамбыл) ауд-ның Баян а-ндағы 7 жылдық мектептің директоры. 1942-68 ж. Есіл ауд. Жарқайың а-ндағы 7 жылдық мектептің директоры, 1968 – 78 ж. Жамбыл ауд. Аменгелді а-ндағы 8 жылдық мектептің директоры қызметтерін атқарған. 1978 жылдан құрметті зейнеткерлік демалыста. Медалдермен марапатталған.