Оралбек Ботбай

Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қоры белгілі кәсіпкер, филантроп, қаламгер Оралбек Ботбайдың «Төле би», «Бәйдібек баба», «Нұрлы нөсер», «Келешекке жетелеген 7 сапар» және «Нысап сайын береке» атты кітаптарымен толықтырылды.
Оралбек Ботбай – Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Бәйдібек ауданының Қошқар ата ауылының тумасы. 2006 жылдан бері «Қошқар ата» қайырымдылық қорының Президенті ретінде көптеген қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. «Қазақстан барысы» республикалық турниріне, республикалық айтыстарға, басқа да өнер додаларына, білім беру ұйымдарына, ғылыми еңбектерге демеушілік көрсетеді. «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері.
Кітапхана оқырмандары мен ұжымы атынан Оралбек Қожамжарұлына бізге тарту еткен құнды шығармалары үшін алғыс білдіреміз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен үндесіп, еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңінде жарық көріп отырған туындылар қалың оқырман қауым үшін таптырмас құнды дүние болатынына сенімдіміз. Кітаптардың тұсаукесер рәсімін тамыз айының аяғында өткізу жоспарланып отыр.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс
#ГодПоддержкиДетскогоИюношескогоЧтения