Тікелей эфир онлайн жоба «Ұлы дала мұрасы»

«Дала  фольклоры  антологиясы»  он  томдық  топтамасының  алтыншы томына магиялық фольклордың түрлері,  кәсіпке  және  маусымдық  ғұрыпқа  арналған фольклор мен отбасылық ғұрып фольклорының таңдаулы үлгілері топтастырылды. Адамның  дүниеге  келуі  мен  дүниеден  өтуі  арасындағы  тыныс-тіршілігі түрлі ырым-тыйымдармен, ғұрыптық рәсімдермен тығыз байланысты. Онда қоршаған орта жөніндегі түрлі танымдық (мифтік, діни) көзқарастар мен наным-сенімдер, өмірлік тәжірибе кеңінен көрініс табады. Осылар жайлы бүгінгі танысатын кітабымыз баяндап береді. Назар бөліп тыңдағандарыңызға рахмет, келесі эфирімізде жаңа томдарын талқылаймыз.