Онлайн дәріс «Ел ардақтаған тұлға»

2022 жылдың 9 тамызы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтің туғанына 105 жыл толуына арналған «Ел ардақтаған тұлға» тақырыбында онлайн дәріс өтті.
Дәрісті осы кітапхананың бөлім басшысы Майра Әшімова өткізді. Ол қазақтың асыл абызы атанған, халқымыздың қадірменді перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Үкіметін он төрт жыл басқарған, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Отан» орденінің иегері Бәйкен Әшімовтің ғибратты да парасатты, өнегелі өмір және еңбек жолы, адамдық, азаматтық ғұмыр белестері жайлы жан-жақты баяндады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #ЕлАрдақтағанТұлға