Бүгін кітапханада ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Күлайхан Рахметтің қатысуымен «Оқырманын ойға жетелейтін қаламгер» тақырыбына тікелей эфир өтті. Эфир «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының аясында Төлен Әбдіков шығармашылығына арналды. К.Рахмет Т.Әбдіктің жазушылығына шамалы тоқталып өтіп, автордың «Парасат майданы» атты туындысына талдау жасады. Төлен Әбдіков «Парасат майданы» повесі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ПЕН-клуб сыйлығының лауреаты және Франц Кафка атындағы Еуропалық алтын медальдың иегері атанды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги