Соныменен бірге өткен Кеңес заманында, одан кейін еліміз егемендік алған кезеңдерде, елім, жерім, отаным деп елімізгеаянбай адал еңбек еткен нақтылы азаматтардың адал, ерен еңбектері туралы айтылады, нақты сипатталады.
Адамның өмірі, оның тұрмысы жалғаз еңбекпен ғана шектелмейді. Өмірде қызық пен реніші қатар жүреді. Автор жерлестерінің осы бағытына ден қойып кейіпкерлерімененигі істеріне қуанады, көңілінен шықпаса оларменен бірге ренжиді, ауыл адамдарының өмірін, көңіл-күйлерін терең түсіне білгенін аңғартады.
Осы айтылған мәселелер оқырманға өмірдің қызық екенін сездіре отырып, ел, ұрпақ келешегінің қамы үшін айтылған ойларына, жасалған игілікті істеріне қанықтыра түседі. Солсебептен де кітаптың жас оқырманға, ұрпаққа берер тағылымы мол.
Кітап көпшілік оқырманға арналған