«Оқуды ілгерілету» онлайн жобасы. «Оқырман ұсынады» — Сабина Ерғали, ҚР Ұлттық ұланы академиясы

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының оқытушысы Ерғали Сабина Тұяққызы «Оқуды ілгерілету» онлайн-жобасының аясында Луиза Мэй Олкоттың «Кішкентай әйелдер» романына тоқталды (видеобейнеге сілтеме).

Роман апалы-сіңлілі төрт қыздың балалық шағы жайлы оқиғалар желісінен құралады. Романдағы оқиға XIX ғасырдың аяғында Америкада өтеді. Марч әулетінің апалы-сіңлілері — сұлу Маргарет, ер мінезді, жайсаң Джо, мейірімді Бесс және жаны нәзік Эмидің әрқайсысының өз арман-мақсаты, тілегі бар. Олардың ортақ тілегі ата-аналарының сүйіспеншілігіне лайық болғысы келеді.Қанша жыл өткеніне қарамастан, кітаптағы оқиғалар әлі күнге дейін өзекті.