НИЖУРИН Филипп Трофимович (1913, Солт. Қазақстан обл. Ғ.Мүсірепов ауд. Ефремов а. — 3.3.1945. Польша. Оттендорф дер.) — Кеңес Одағының Батыры (1945. қайтыс болғаннан кеійн). Соғысқа дейін Ташкент обл. Сырдарья кентінде бухгалтер, жинақ кассасының меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2-дүниежүз. соғысқа 1941 жылдан қатысқан.