НАУМЕНКО Петр Иванович (1927, қазіргі М.Жұмабаев ауд. Надежка а.) — саяси және қоғам қайраткері. Талғар а.ш. техникумын, Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. 1944-45 ж. Кеңес Армиясы қатарында болған. 1951—57 ж. Полудин және Конюхов ауд-ндарында комсомол және партия жұмыстарында, 1961 ж. ауд. аткару к-ті төрағасының орынбасары, Конюхов ауд. партия к-тінің 2-хатшысы, 1962-67 ж. “Молодогвардейский” кеңшарының дирекоры. 1967-70 ж. Сергеев ауд. а.ш. басқармасының бастығы, 1970 ж. Сергеев ауд. атқару к-тінің төрағасы болып сайланған. 1973 – Совет ауд. партия к-тінің 1-хатшысы, 1979-88 ж. Солт. Қазақстан обл. партия к-тінің партиялық тексеру комиссиясының төрағасы болған. Обл. “Книга памяти” (5 томдық) кітабын шығару үшін жұмыс тобын құрған. Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, медалдермен марапатталған.
М.Мелехин