НАСИБУЛЛИН Ахтем Кефазоғлы (1959. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Қызылжар ауд. — 1994. Ауғаныстан) — Ресей Федерациясының Батыры (1994). Шекара әскерлері уч-щесін және Әскери акалемияны бітірген. Кеңес Армиясы қатарына 6.11.1977 ж. Солт. Қазақстан обл. Соколов ауд. әскери комиссариаты арқылы шақырлған. Шекара әскерінде әскери қызметін атқарған. 1994 ж. Пяндж шекара бөлімінде қаза тапқан.
И. Зубарев