Нұркеев Хасен Нұркейұлы

НҰРКЕЕВ Хасен Нұркейұлы (1915, Петропавл қ. – 2002, Алматы қ.) — мемлекет және қоғам қайраткері. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1940 ж. Омбы а.ш. ин-тын бітірген. Еңбек жолын 1933-34 ж. Қарағанды обл. Жер бөлімінде агроном-тұқым өсіруші болып бастаған. 1934-35 ж. Барабин аудандық жер бөлімінде агроном; 1940-43 ж. Қарқаралы мемл. іріктеу телімінде меңгеруші; 1943-44 ж. Ұлы Отан соғысы майдандарына қатысты, 1944-45 ж. “Қиялы” астық совхозында аға агроном; 1945-47 ж. Петропавл совхоздар тресінде аға агроном; 1947-49 ж. Совет (қазіргі Аққайың) ауд. Бейнетқор МТС-нда директор; 1949 жылдан Солт. Қазақстан обл. а.ш. басқармасы бастығының орынбасары; 1950-55 ж. Алматы обл. а.ш. басқармасының бастығы; 1955-58 ж. Талдықорған обл. а.ш. басқармасының бастығы; 1958 жылдан — Павлодар обл. партия к-тінде хатшы; 1959 жылдан Павлодар обл. атқару к-тінің төрағасы; 1960-61 ж. Целинный өлкелік атқару к-ті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медалдермен марапатталған.

Ж.Ысқақов