НҰРКЕ СЕРІ, Тоқтыбай ұлы Нұрке (1877, Солт. Қазақстан обл. Жамбьш ауд. Игілік қонысы. Қызылой а. — 1915, сонда) — халық арасыгша кең танымал болған ақын. Бала кезінде ауыл молдасынан білім алған, кейіннен Маманай а-ндағы Қожаберген-Асқап медресесінде. Болотный (Новорыбин) а-ндағы медреседе. Петропавл қ-ндағы медреседе оқыған. Араб. парсы, ежелгі түркі тілдерін үйренген. Үкілі Ыбырайдың шәкірті болған. Өз кезінде оның “Нияз сері-Іңкәр”, “Сейіт-жан-сал – Гүлмариям”, “Құ-шан сері – Ұлбике”, “Ербатыр”, “Мейрам-сал — Мәлике”, т.б. хиссалары белгілі болған, бірақ біздің кезімізге олардың ешқайсысы да жетпеді. Н. с-нің тек “Таныстыру” тақпағы мен “Ұмсын” және “Мүсликамал” өлеңі ғана жеткен.
Ш. Садықова