НҰРАҚАЕВ Ерік Есімұлы (1.9.1960. Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Орталық а.) — қоғам қайраткері. Аіматы халық шаруашылығы ин-тын (1982), ҚР Президенті жанындағы мемл. қызметкерлер академиясын (2002) бітірген. Еңбек жолын Тимирязев ауд. Хмельницкий а-нда экономист болып бастаған (1982). 1983 жылдан Жамбыл ауд. а.ш. басқармасында, кейіннен Ленин ауд. агро- өнеркәсіптік бірлестігінде жоспарлаушы-экономист; 1995 жылдан Есіл ауд-ның әкімі; 2002-2004 ж. Ақжар ауд-ның әкімі қызметтерін атқарған. 2004 жылдан Солт. Қазақстан обл. әкімінің орынбасары.