Нұрқанов Жарасбай Анасұлы

НҰРҚАНОВ Жарасбай Анасұлы (22.3.1937, Солт. Қазақстан обл. Шал ақын ауд. Көктерек а.) — журналист, ақын. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (1984). әл-Фараби атынд. ҚазҰУ-ды бітірген (1960). Еңбек жолын туған ауылында ұстаз болып бастаған (1962-64). 1965-66 ж. Целинный өлкесінің “Тың өлкесі” газетінде әдеби қызметкер, 1966-74 ж. Целиноград обл. “Коммунизм нұры” газетінің бөлім меңгерушісі, 1974-81 ж. “Социалистік Қазақстан” газетінің Целиноград обл. бойынша меншікті тілшісі. 1981-84 ж. “Өнер” баспасының аға редакторы, 1984-86 ж. “Жазушы” баспасының аға редакторы. 1987 жылдан шығарм. жұмыстармен айнатысады.

Шығ.: Қаракөздер. А.-А., 1966: Нұрлы терезе. А.-А., 1971: Алтын десте. А.-А., 1977; Арманым менің: Сб. Стихов. дастан. А.-А., 1980: Терең барлау. А.-А., 1987.