МОСЯКИН Кирилл Евгеньевич (1919, СҚО Жамбыл ауд. Святодухов с. — 1957. Ресей) — 3 дәрежелі “Даңқ” орденінің толық иегері. 1930 ж. отбасымен Түмен обл. Андрюшино с- на көшіп кеткен. 1939 жылдың қыркүйек айында Қызыл армия қатарына алынып, Отан соғысына 1941 жылдың аяғынан бастап қатысқан. 1947 ж. әскер қатарынан босатылып, Түмен обл. Андрюшино орман ш-нда жұмыс істеген.